locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Пенальти сериясындағы драма. Құрлықаралық кубок финалындағы Реалдың қарсыласы мәлім болды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Пенальти сериясындағы драма. Құрлықаралық кубокта финалында Реалдың қарсыласы мәлім болды
ФОТО: Getty Images

Бүгін, 14-ші желтоқсанда Катар астанасында мексикалық “Пачука” мен мысырлық “Аль-Ахли” арасында Құрлықаралық кубоктың үшінші кезеңі аясында матч өтті.

Финалға шығу үшін өткен ойында 120 минут бойы тартыс жүріп, жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды. “Пачука” алғашқы екі соққыны өткізіп алды. Бірақ мексикалық Команданың қақпашысы Карлос Морено 4-ші соққыны шығарып, финалға шығу мүмкіндігін қалдырды. Одан кейін “Аль-Ахли” ойыншысы нүктеден соңғы соққысында қақпаға дәл тигізе алмай қалды. Серия тағы 3 раундқа созылып, соңғысында мысырлық команданың футболшысы қақпа маңдайшасына тиді. “Пачука” финалға шықты.

Құрлықаралық кубок. 3-ші этап. 14-ші желтоқсан

Пачука (Мексика) - Аль-Ахли (Мысыр) – 0:0 (пен. 6:5)

Финалдық матчта “Пачука” 18-ші желтоқсанда “Реал Мадридке” қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie