locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Руди Гарсия Бельгия құрамасының үш жұлдызды ойыншысын қайтарғысы келеді

Сөз Тибо Куртуа, Кевин де Брюйне және Ромелу Лукаку туралы болып отыр
Футбол
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
Руди Гарсия Бельгия құрамасының үш жұлдызды ойыншысын қайтарғысы келеді
Руди Гарсия Бельгия құрамасының үш жұлдызды ойыншысын қайтарғысы келеді

Бельгия ұлттық құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы Руди Гарсия қақпашы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушы Кевин де Брюйне және шабуылшы Ромелу Лукакуды құрамға қайтарғысы келеді, деп хабарлайды Reuters.

Гарсияның айтуынша, Испанияның “Реал” (Мадрид) клубында ойнап жүрген Куртуаның құрамға оралуы оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ жаттықтырушы ағылшынның “Манчестер Сити” командасында өнер көрсететін Де Брюйнемен және Италияның “Наполи” клубында ойнайтын Лукакумен жеке кездесіп, олардың ұлттық құрамаға қайта оралу туралы ойларын тыңдауды жоспарлап отыр.

Тибо Куртуа 2023 жылдың жазынан бері Бельгия құрамасында ойнаған жоқ, ал Кевин де Брюйне мен Ромелу Лукаку 2024/25 жылғы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчтарға қатыспады.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie