Роналду клубтық әлем чемпионаты үшін клубын ауыстыруы мүмкін
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
“Әл-Наср” клубының шабуылшысы Криштиану Роналду жазда еркін агент ретінде саудиялық басқа клубқа ауысуы мүмкін.
TalkSPORT хабарлауынша, Роналду осы жазда АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатында ойнайтын Лионель Мессиге қарсы шығу үшін, өзіне соңғы мүмкіндік бергісі келеді. Бірақ, португалиялықтың командасы ол жарысқа қатыспайды. Маусым соңында ол еркін агент ретінде кетіп, турнирге қатысатын “Әл-Хилялмен” келісімшартқа отыруы мүмкін екені атап өтілді.
Роналду “Әл-Наср” сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол клуб сапында барлық турнирлерде 19 матч өткізіп, 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.