Родриго ауыстырылғаннан кейін наразылығын білдірді
Мадридтік «Реалдың» бразилиялық вингері Родриго «Реал Овьедоға» қарсы матчта ауыстырылғаннан кейін қосалқы орындықта өз наразылығын білдірді.
Матчтың 64-минутында орындыққа отырған Родриго Брахим Диастың орнына шыққаннан кейін орамалын лақтырып, наразылық танытты. Бұл Хаби Алонсоның оны алмастырғандығынан ба, әлде ойындағы кейбір эпизодқа байланысты ма, белгісіз.
Жаз бойы Родригоның «Реалдан» кететіндігі туралы қауесет тарады.
Бұған дейін Родригоға «Ливерпуль», «Тоттенхэм» және «Манчестер Сити» клубтары қызығушылық танытқан болатын. Сонымен бірге, тіпті мерсисайдтықтардың Родригомен жеке келісім-шарт талаптарын келісіп қойғаны туралы ақпарат тараған.
Жақында Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Родригоның өз командасындағы болашағына түсініктеме бере отырып, «Родригоға 100 пайыз сенетінін» айтты.