locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Родридің қанша уақытқа қатардан шыққаны белгілі болды

Жарақатына байланысты Родри екі-үш апта алаңға шықпайды.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

«Манчестер Сити» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия премьер-лигасының жетінші турында «Брентфордпен» өткен ойында жарақат алған жартылай қорғаушы Родридің қалпына келу мерзімін атады (1:0).

«Родриде бұлшықет жарақаты бар, оның толықтай жазылуына шамамен екі-үш апта керек», – деп келтіреді Гвардиоланың сөзін BBC.

Испаниялық жартылай қорғаушы жақында ғана айқас сіңірін үзіп алғаннан кейін бабына енді келе бастаған еді, алайда «Брентфордқа» қарсы кездесуде тағы да жарақат алды. Родри бұл маусымда 7 матчқа қатысып, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Соған қарамастан, «Реал» Родриді сатып алуға қомақты ұсыныс дайындап жатқаны белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie