locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ринат ӘЛЕУЕТОВ: “Ислам бәріне өзі қол жеткізді”

Белгілі бапкер “Тобыл” ойыншысының балалық шағы туралы
Футбол
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
Ринат ӘЛЕУЕТОВ: “Ислам бәріне өзі қол жеткізді”
Sports.kz. Ислам Чесноков

Атақты бапкер Ринат Әлеуетов Қостанайлық “Тобыл” мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтың балалық шағы туралы айтып берді.

“Ислам еркелеп өскен бала емес, өйткені ол әжесінің қолында тәрбиеленді. Оған сондай-ақ оның ағасы — Игорь Юрьевич Чесноков үлкен көмек көрсетті. Ол Исламға тірек болды. Егер әжесі мен ағасы болмаса, жағдай қалай өрбитінін кім біледі. Өмірде әрдайым ақша іздеуге мәжбүр болсаң, жолдан тайып кетуің мүмкін. Ислам әжесін өзін тәрбиелеген адам деп айтатын. Егер ол ерке болса, біз қазір ол туралы бұлай айтпас едік. Ислам бәріне өзі қол жеткізді”, — деп келтіреді Әлеуетовтің сөзін Meta-ratings.kz.

Айта кетейік, 2024 жылғы маусымда Ислам Чесноков Премьер-лиганың үздік сұрмергендерінің бірі атанды. “Тобыл” сапында ол 21 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie