РЕСМИ. Виктор Брага Тобыл ойыншысы атанды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
23 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Виктор Брага “Тобылдың” ойыншысы атанды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Жартылай қорғаушы қостанайлық командаға еркін агент ретінде қосылды. Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалды.
Брага өз кәсіби мансабын Бразилияның “Авенида” клубында бастаған. Ол өз елінде “Санта-Круз”, “Сантос” және “Лондрина” командаларында ойнаған. “Тобылға” ауысқанға дейін жартылай қорғаушы Қазақстанда “Ордабасы”, “Мақтаарал” және “Жетісу” клубтарында өнер көрсетті. Оның соңғы командасы Мажарстанның “Дебрецен” клубы болды.
Transfermarkt футболшының бағасын 250 мың еуроға бағалады.