РЕСМИ. Сұлтанбек Астанов Ордабасыда мансабын жалғастырады
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы қорғаушы Сұлтанбек Астановпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады.
"Сұлтанбек Астанов, біздің клубтың қорғаушысы, "Ордабасы" командасының намысын қорғауды жалғастырады. Онымен келісімшарт ұзартылды", – делінген команданың мәлімдемесінде.
Астанов – шымкенттік футбол мектебінің түлегі. Ол 2017 жылы алматылық «Қайрат» сапына ауысып, алты жылдан кейін, 2023 жылы, өзінің туған клубына қайта оралды.
2024 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында Астанов "Ордабасы" сапында 15 матч өткізіп, еурокубоктық жарыстарда 5 ойында өнер көрсетті.
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 350 мың еуроны құрайды.