locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Робин ван Перси – Фейеноордтың жаңа бас бапкері атанды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
РЕСМИ. Робин ван Перси – Фейеноордтың жаңа бас бапкері атанды
ФОТО: Getty images

Голландия футбол әлемінде маңызды жаңалық – Нидерланд құрамасының аңызға айналған шабуылшысы Робин ван Перси “Фейеноорд” клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл 41 жастағы маман үшін үлкен қадам, өйткені ол осы маусымды “Херенвеннің” жаттықтырушысы ретінде бастаған болатын.

“Фейеноорд” – Ван Перси үшін ерекше команда. Дәл осы клубта ол кәсіби мансабын бастап, әлемдік деңгейдегі футболшыға айналды. Енді оған командаға жаңа леп әкеліп, өзіне сенім артқан басшылықтың үмітін ақтау міндеті жүктелді. Роттердамдық клубтың басшылығы Ван Персидің көшбасшылық қасиеттері мен футболды терең түсінуі команданы жаңа белестерге жетелейді деп сенеді.

Ван Персидің жаңа кезеңі оңай басталмайды. Ол наурыз айында “Фейеноордпен” Чемпиондар лигасының 1/8 финалында “Интерге” қарсы матчтарға дайындалуы керек. Бұл клуб үшін биылғы маусымдағы ең қиын сынақтардың бірі болмақ, ал жаңа бапкерден тактикалық икемділік пен ойыншыларды үлкен жекпе-жекке дайындау қабілеті күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: Рамос Монтеррей сапындағы алғашқы матчын өткізді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie