Ресми: Исак – «Ливерпуль» ойыншысы
«Ньюкасл» шабуылшысы Александер Исак ресми түрде «Ливерпульдің» ойыншысы атанды, деп хабарлайды «қызылдардың» баспасөз қызметі.
Швед шабуылшысымен келісімшарт 2031 жылдың жазының соңына дейін жасалды.
Трансфердің құны 125 миллион фунт стерлингті (144 миллион еуро) құрады. Бұл мәміле «Ливерпуль» ғана емес, бүкіл ағылшын футболының тарихындағы ең қымбат трансферге айналды.
Бұл трансфер футбол тарихындағы ең қымбат бес келісімнің қатарына енді. Ол Неймардың «Барселонадан» «ПСЖ»-ға (222 млн еуро) және Килиан Мбаппенің «Монакодан» «ПСЖ»-ға (180 млн еуро), сондай-ақ Филиппе Коутиньоның «Ливерпульден» «Барселонаға» (145 млн еуро) өткен мәмілелерінен кейінгі орында тұр.
25 жастағы Исак – шведтік АИК клубының түлегі. Ол одан әрі Дортмундтың «Боруссиясында», «Виллем II»-де және «Реал Сосьедадта» ойнады. 2022 жылдың жазында оны «Ньюкасл» 70 миллион еуроға сатып алған болатын. Үш жыл ішінде ол ағылшын клубының сапында 109 матч өткізіп, 62 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Биыл Исак «Ньюкаслмен» бірге Англия Лига Кубогын жеңіп алды.