locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Йозуа Киммих пен Бавария жаңа келісімшартқа қол қойды

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
РЕСМИ. Йозуа Киммих пен Бавария жаңа келісімшартқа қол қойды
Фото: gettyimages

Германия ұлттық құрамасы мен "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих клубпен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты.

Қос тарап 2029 жылдың жазына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы мюнхендік клуб арнайы бейнеролик түсіріп, ресми түрде жариялады.

Айта кетейік, 30 жастағы жартылай қорғаушы Мюнхен клубында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол сол жылы "Баварияға" "Штутгарт" сапынан ауысып келген болатын.

2015 жылдан бері жартылай қорғаушы "Бавария" сапында барлық турнирлерде барлығы 429 матчқа қатысты. 43 гол соғып, 114 голдық пас берген.

"Бавария" клубы алдағы уақытта қорғаушы Дайо Упамеканомен де арадағы келісімшарт мерзімін 2030 жылға дейін ұзартады деп күтілуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie