locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Эрдон Даци Жеңіс ойыншысы атанды

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
РЕСМИ. Эрдон Даци Жеңіс ойыншысы атанды
Фото: gettyimages

26 жастағы македониялық шабуылшы Эрдон Даци “Жеңіс” футбол клубының қатарын толықтырды

Эрдон – македондық “Вардар” футбол клубының түлегі. 19 жасында түркиялық «Коньяспорға» ауысып, Түркияның жоғарғы дивизионында 42 матч өткізді.

Одан кейін Бельгияның “Вестерло” клубында өнер көрсетті. 25 ойында 10 гол соғып, Бельгияның екінші лигасының жеңімпазы атанды және команданың жоғары лигаға көтерілуіне көмектесті. "Вестерло" сапында екі маусым бойы Бельгияның жоғарғы дивизионында өнер көрсетті. Сондай-ақ, Бельгияның “Васланд-Беверен” және “Дейнзе” клубтарында ойнады.

Македония жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы. Македония ұлттық құрамасының құрамында 2023 жылы бір ойынға қатысып, дебюттік ойынында гол соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie