РЕСМИ. Ақтөбе серб шабуылшысы Ивковичті өз сапына қосты
Футбол
Люба Рябинина
РЕСМИ. Ақтөбе серб шабуылшысы Ивковичті өз сапына қосты
“Ақтөбе” ресми түрде 28 жастағы серб шабуылшысы Джордже Ивковичпен келісімшартқа отырды.
Сербиялық футболшы мансабын қазақстандық клуб сапында жалғастырады. Ол өткен маусымды Македония чемпионатында “Академия Пандев” командасында өткізіп, 17 матчта 9 гол соқты.
Бұған дейін Ивкович 2022 жылы Қазақстанда “Ақжайық” командасының ойыншысы атанған болатын. Алайда келісімшартқа қол қойғанына қарамастан, ол команда сапында бірде-бір матч өткізбей, екі айдан кейін клубтан кеткен. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 400 мың еуро деп бағалайды.
“Ақтөбе” 22 ақпанда Қазақстан Суперкубогында өнер көрсетеді, ал 1 наурызда ел чемпионатының жаңа маусымы басталады. Бірінші турда “Ақтөбе” “Ордабасы” клубымен кездеседі.