Реал – Жирона. Онлайн көру. LIVE трансляция
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Бүгін Испания чемпионатының кезекті матчтары өтеді.
Ла Лиганың 25-турында "Реал" командасы өз алаңында "Жирона" командасын қабылдайды.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
"Сантьяго Бернабеу" стадионында өтетін матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:15-те басталады. Матчты тікелей эфирде Setanta Sport каналынан көре аласыздар.
"Жирона" командасы 24 турдан кейін турнирлік кестеде 31 ұпаймен 11 орында тұр. Ал Карло Анчелотти шәкірттері 51 ұпаймен үшінші орында келеді.
Маусымның алғашқы бөлігінде өткен кездесуде "Реал" қонақта 0:3 есебімен жеңіске жетті. Аталған матчта Беллингем, Гюлер, Мбаппе гол соққан болатын.