«Реал» Винисиус Жуниорды 2026 жылы сату мүмкіндігін қарастырып жатыр
«Реал» Винисиус Жуниордың келісімшартын ұзарту бойынша келіссөздерде қиындықтарға тап болды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Реал» басқармасы 25 жастағы бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниорды 2026 жылы сату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Defensa Central.
Келіссөздер ұзаққа созылып, шабуылшының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.
Ақпарат көздерінің айтуынша, Винисиус өз жалақысын Килиан Мбаппе деңгейіне дейін көтеруді талап етуде, бірақ клуб мұндай шарттарға келіспей отыр. Егер келіссөздер сәтсіз аяқталса, «Реал» ойыншыны 2026 жылдан кешіктірмей сатуға мәжбүр болады.
2025 жылы клубтық әлем чемпионатында Винисиус алты матч өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пас жасады.