locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» Трент Александр-Арнольдтың трансферін ресми түрде жариялады

Ағылшын қорғаушысы тоғыз жылдан кейін «Ливерпульден» кетіп, Мадрид клубына ауысты
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Реал» Трент Александр-Арнольдтың трансферін ресми түрде жариялады
«Реал» Трент Александр-Арнольдтың трансферін ресми түрде жариялады

Мадридтің «Реал» клубы Англия құрамасы мен «Ливерпуль» командасының қорғаушысы Трент Александр-Арнольдтың трансферін ресми түрде растады. Футболшымен келісімшарт 2031 жылдың маусым айының соңына дейін жасалды.

Александр-Арнольд «Ливерпульдің» негізгі құрамында 2016 жылдан бері ойнап келді. Осы уақыт ішінде ол Англия чемпионатын екі рет, Англия кубогын, Лига кубогын, УЕФА Суперкубогын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын және Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

2024/2025 маусымында «Реал» Ла Лигада екінші орынға ие болды, төрт ұпай айырмасымен «Барселонаға» жол берді. Чемпиондар лигасында мадридтік клуб ширек финалда Лондонның «Арсеналынан» жеңіліп, жарысты аяқтады.

Массимилиано Аллегри «Милан» клубына қайта оралып, бас бапкер қызметіне тағайындалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie