locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» – «Пачука». Онлайн көру. LIVE көрсетілім

Испандық гранд бірінші турдағы сәтсіздіктен кейін беделін қайта қалпына келтіргісі келеді
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Реал» – «Пачука». Онлайн көру. LIVE көрсетілім
ФОТО: Getty Images

22 маусым күні клубтық әлем чемпионатының 2025 жылғы топтық кезеңінің екінші турында «Реал Мадрид» пен Мексиканың «Пачука» командалары арасындағы матч өтеді.

Кездесу АҚШ-тағы Гаррисон қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Астана уақыты бойынша 23:50. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей көруге болады.

Турнир алдында «Реал» жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған. Маусымдағы сәтсіз нәтижелер мен бапкер ауысымына қарамастан, жанкүйерлер командадан жоғары нәтиже күткен. Алайда бірінші турда Хаби Алонсо шәкірттері күтпеген жерден сүрінді – «Аль-Хиляльмен» болған ойында 1:1 есебімен тең ойнады. Мадридтіктер матч барысында жеңіліп жатып, таразы басын теңестірген еді.

Ал «Пачука» топтық кезеңде жеңілдеу қарсыластарға тап болды. Бірден-бір басты қарсылас – «Реал» болса, «Зальцбург» пен «Аль-Хиляльге» қарсы кездесулерде мексикалықтар плей-офф үшін күресе алады деген үміт болған. Бірақ бірінші турда Хайме Лосано командасы «Зальцбургке» 1:2 есебімен есе жіберіп, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін күрт төмендетіп алды.

Екінші турдағы бұл матч қос команда үшін де аса маңызды: «Реал» үшін – топтағы көшбасшылықты қайтару, ал «Пачука» үшін – турнирде қалудың соңғы мүмкіндігі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie