locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Реал Ла Лиганың сырт алаңдағы 31 матчтық гол соғу сериясын аяқтады

ФОТО: gettyimages.com

Мадридтің "Реал" клубы Испания чемпионатының 2024/2025 маусымында "Эспаньолдан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Карло Анчелотти баптайтын команда Ла Лиганың сырт алаңдағы 31 матчтық гол соғу сериясын аяқтады. Бұл туралы Opta Sport хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, бұл серия соңғы 10 жылдағы екінші ең ұзақ мерзімді көрсеткіш. 2016 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қазан айына дейін "Реал" сырт алаңда қатарынан 35 матчта гол соғып келген.

Айта кетерлігі, бұл "Реалдың" осы маусымдағы үшінші жеңілісі. Өткен маусымда Анчелоттидің командасы барлығы бір ғана ойыннан жеңіліп қалған болатын.

Қазіргі таңда "Реал" 22 матчтан кейін 49 ұпаймен Ла Лиганың көш басында тұр, ал "Эспаньол" 23 ұпаймен 17-орында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie