«Реал» клубтық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Мадрид командасы «Зальцбургті» ойсырата ұтып, H тобында көш бастады
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтің «Реалы» Клубтық әлем чемпионаты — 2025 турнирінің топтық кезеңін сенімді жеңіспен аяқтады. Хаби Алонсо баптайтын команда үшінші турда Австрияның «Ред Булл Зальцбургін» 3:0 есебімен жеңді.
Есепті 40-минутта Винисиус Жуниор ашты. Бірінші таймның соңында Федерико Вальверде есепті еселесе, екінші таймның соңына таман Гонсало Гарсия шешуші голды соқты.
Осы жеңістен кейін «Реал» алты ұпаймен H тобында бірінші орынға шығып, 1/8 финалға тікелей жолдама алды.
Клубтық әлем чемпионаты. H тобы. 3-тур. 27 маусым
«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) – «Реал Мадрид» (Испания) – 0:3
Голдар: Винисиус Жуниор, 40, Вальверде, 45+3, Гарсия, 84.