locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» антирекордты қайталады. Не дұрыс болмай қалды?

«Реал Мадрид» соңғы 20 жылдағы ең әлсіз ойынын көрсетті
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реал» заманауи тарихындағы ең сүреңсіз еурокештердің бірін бастан өткерді. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 6-тур матчында Хаби Алонсоның командасы қақпаға бар болғаны бір ғана дәл соққы жасады. OptaJose деректері бойынша, бұл -«Сантьяго Бернабеуда» кемінде 2003/04 маусымынан бергі ең төмен көрсеткіш.

Мадридтік жанкүйерлер көргісі келмеген статистика финалдық ысқырықтан бірнеше минут өткен соң-ақ әлеуметтік желілерге тарап үлгерді. «Реал» өз алаңында «Манчестер Ситиден» 1:2 есебімен ұтылып, биылғы Чемпиондар лигасында алғаш рет үйде жеңіліс тапты.

Бұл нәтиже клубтың жалпы турнирлік жағдайына да әсер етті: мадридтіктер 12 ұпаймен 7-орынға сырғыды. Енді жағдайды түзету мүмкіндігі келесі турда беріледі - 20 қаңтарда «Реал» өз алаңында «Монакомен» кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie