locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рамазан Оразов: Чесноков «Тобылда» қалай ойнап жүр, «Хартста» да солай ойнауы керек

Оразовтың айтуынша, Чесноковты «Хартста» көптен күтуде
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Рамазан Оразов: Чесноков «Тобылда» қалай ойнап жүр, «Хартста» да солай ойнауы керек
Фото: instagram/fctobol

Қазақстан құрамасы мен даниялық «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Ислам Чесноковтың «Хартсқа» ауысуы туралы пікір білдірді.

– «Тобылда» Ислам Чесноковпен бірге ойнадың. Жақында ол «Хартс» клубына ауысайын деп жатыр. Шотландия мен Дания бір-біріне ұқсас мемлекеттер. Оған жаңа елге, чемпионатқа бейімделу оңай бола ма? Онымен бұл туралы сөйлестің бе?

– Ислам – өте жақсы, қарапайым жігіт. Бұл тақырып жайлы онымен көп сөйлестім. Ол шетелде ойнағысы келеді. Менен Словения және Дания туралы жиі сұрайтын. Тезірек шетелге кетуді көздеп отыр. Трансфер жақын арада жүзеге асады деп ойлаймын. Бұл Ислам үшін алға қарай жасалған үлкен қадам. Оны жаңа командасының бапкері де, басшылығы да көптен бері күтіп отыр. Демек, ол жақта көп нәрсе дәлелдеудің қажеті жоқ.
Бейімделу мәселесіне келсек, Ислам – өте жақсы жігіт. Оған бұл процесстен өту үшін көп нәрсе керек емес. Себебі ол өте жақсы ойыншы. Алғашқы күннен бастап өзіне сенімді болуы қажет. «Тобылда» қалай ойнап жүр, солай ойнауын жалғастырсын. Қолынан келеді деген үміттемін", - деді Оразов.

Рамазан Оразов шетелде ойнауға деген арманы, Данияны таңдау себебі мен өмір сапасына қатысты пікір білдірді.

2024/25 маусымында Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында 24 матч өткізіп, жалпы 798 минут алаңда болды. Айта кетейік, Оразов маусым айында Беларусь пен Солтүстік Македонияға қарсы өткен ойындарға Қазақстан құрамасының тізіміне енбеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie