Рафаиль Оспановқа ҚПЛ-дың үш клубы қызығушылық танытуда
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
27 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Рафаиль Оспанов мансабын Қазақстан Премьер-лигасының үш клубының бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлады Sport+.
"Атырау" футбол мектебінің түлегіне "Тұран" мен "Оқжетпес" қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, футболшыға өзінің туған клубына қайта оралу туралы ұсыныс түсті.
2024 жылғы маусымды Оспанов "Қызылжар" сапында өткізіп, Қазақстан чемпионатында 16 матчқа қатысып, 2 гол соқты.
Жалпы алғанда, жартылай қорғаушы ҚПЛ-да 84 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.