«Пуща» Экстракласамен қоштасты: Жуков ойнайтын клуб Польша чемпионатының жоғарғы лигасынан уақытынан бұрын шығып қалды


Неполомице қаласының «Пуща» футбол клубы Польша чемпионатының (Экстракласа) жоғарғы дивизионында қалу мүмкіндігінен уақытынан бұрын айырылды.
Ұлттық біріншіліктің 32-турында команда «Сталь» клубына 2:3 есебімен есе жіберді. Ойын барысында «Пуща» 0:3 есебімен ұтылып жатқан еді.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков бұл матчта алаңға шыққан жоқ. Еске сала кетейік, 30 жастағы футболшы «Пуща» сапына 2025 жылдың қаңтар айында қосылып, 2024/2025 маусымында 11 ойынға қатысты.
Польша. Жоғарғы лига. 32-тур
«Пуща» - «Сталь Мелец» - 2:3
Голдар: Гийомье, 5 (0:1); Матрас, 25 (0:2); Влазло, 37 (0:3, пенальти); Барковский, 51 (1:3); Влазло, 70 (2:3, автогол).
32 тур қорытындысы бойынша «Пуща» 27 ұпаймен турнир кестесінің соңғы - 18-орнында тұр. Осылайша, маусымның аяқталуына екі тур қалғанда команда жоғарғы лигада қалу мүмкіндігін толық жоғалтты. «Пуща»-дан бөлек, Экстракласамен «Сталь» мен «Шлёнск» те қош айтысады.


Футбол
Бүгін 13:52