locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ - «Реймс». Онлайн көру. LIVE көрсетілім

Франция кубогының финалы: Лилльде ПСЖ мен «Реймс» трофей үшін тартысады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ПСЖ - «Реймс». Онлайн көру. LIVE көрсетілім
ФОТО: Getty images

2025 жылдың 24-нен 25 мамырға қараған түні Астана уақытымен 00:00-де Лилль қаласындағы «Пьер Моруа» стадионында Франция кубогының финалы өтеді. Маусымның шешуші ойынында ел чемпионы «Пари Сен-Жермен» мен турнирдің басты сенсациясына айналған «Реймс» командасы кездеседі.

Луис Энрике жаттықтыратын париждік ұжым Лига 1 маусымын 19 ұпайлық артықшылықпен бірінші орынмен аяқтады. Сонымен қатар, ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына жолдама алып, енді миландық «Интерге» қарсы ойынға дайындалуда. Егер Париж клубы Франция кубогын да жеңіп алса, бұл маусымдағы екінші трофейі болмақ және клуб тарихындағы ең сәтті маусымдардың бірі ретінде есте қалады.

Ал «Реймс» финалға ерекше жағдайда жетті. Самба Диавара шәкірттері Лига 1 маусымын 16-орынмен аяқтап, енді жоғарғы лигада қалу үшін плей-офф матчтарын ойнауға мәжбүр. Соған қарамастан, бретондық клуб финалда бар күшін салып, кубоктық рухына сеніп отыр.

Финалдық кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі Sport+ телеарнасында ұсынылады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie