locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ Луис Энрикені өмір бойы клубта қалдыруға ниетті

Егер испаниялық бапкер ұсынысты қабылдаса, ол париждіктердің тізгінін бапкерлік мансабының соңына дейін ұстайды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Францияның әйгілі «Пари Сен-Жермен» клубы команда бас бапкері Луис Энрикені өмір бойына келісімшартпен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Diario AS хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, париждік клубтың иелері 55 жастағы испандықты мінсіз бапкер деп есептеп, оның бапкерлік мансабының соңына дейін ерекше келісімшарт ұсынуға дайын.

Егер бұл іске асса, футбол тарихында мұндай жағдай алғаш рет болмақ.

Луис Энрике 2023 жылдан бері париждік команданы басқарып келеді.

«ПСЖ» тарихи 2025 жылды өткізді — қатысқан барлық дерлік турнирлерде топ жарды: Лига 1, Франция кубогы, Франция суперкубогы, Чемпиондар лигасы, УЕФА суперкубогы, Континентаралық кубок. Тек Энрикенің шәкірттеріне биыл бағынбаған жалғыз трофей — клубтық әлем чемпионаты болды. Бұл турнирде финалда «ПСЖ»-ны ойсырата жеңген Лондондық «Челси» жеңімпаз атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie