Постекоглу жұмыстан кеткен соң бірнеше ойыншы «Тоттенхэмнен» кеткісі келеді
Басшылық шешімі команда ішінде наразылық туғызды
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Ангелос Постекоглудың қызметінен босатылуы «Тоттенхэм» ойыншыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды The Telegraph.
Маман 6 маусымда қызметтен кетті – бұл команда Еуропа лигасын жеңіп, 17 жылдан кейін алғаш рет трофей алған сәттен бар болғаны екі апта кейін орын алды. Дереккөз мәліметінше, футболшылар тек жұмыстан шығару фактісіне емес, сондай-ақ оның жүзеге асу тәсіліне де ренжіген. Бірнеше негізгі ойыншы трансферлік кезеңде клубтан кету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Постекоглу 2023 жылы лондондық клубтың тізгінін ұстаған еді. Соңғы маусымда команда АПЛ-да 17-орынғатұрақтағанымен, Еуропада трофейге қол жеткізген болатын.
Де Брюйне Кевин «Наполиға» ауысуға жақын – екі жылдық келісім бар.