locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Поляк басылымы: маусым кестесіне байланысты «Актобе» «Легиядан» басым болуы мүмкін

Przegląd Sportowy УЕФА Еуропа лигасы іріктеуіндегі матч алдында Қазақстан клубының артықшылықтарын атап өтті
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Поляк басылымы: маусым кестесіне байланысты «Актобе» «Легиядан» басым болуы мүмкін
ФОТО: przegladsportowy.onet.pl

Польшаның Przegląd Sportowy спорттық порталы УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өтетін «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы кездесуге шолу жасады. Басылым Варшава клубы үшін бұл жекпе-жек оңай болмайтынын жазды.

«Легия» алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстанның «Ақтөбе» клубымен кездеседі. Ақтөбеліктер — ұлттық кубоктың былтырғы жеңімпаздары. Қазақстандағы маусым «көктем–күз» жүйесі бойынша өтетіндіктен, олар қазір маусымның бел ортасында. Бұл — поляк клубына қарағанда артықшылық. Қазіргі уақытта команда лигада үшінші орында тұр.

«Легия» үшін Қазақстанға сапар — ұзақ әуе ұшуы болмақ. Ақтөбе Ресей шекарасының маңында орналасқан және Польшадан шамамен 3000 шақырым қашықтықта. Дегенмен, бұл Астана немесе Алматы сияқты табысты командаларға барудан сәл жақынырақ», – деп жазады басылым.

Поляк журналис­тері маусымның қызған шағында ойнап жатқан «Ақтөбенің» формасын басты артықшылық деп санайды. Ал «Легия» Еурокубок алдында әлі бабына келіп үлгермеген.

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері: Самородов РПЛ-дің үздік клубтарында ойнай алады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie