locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-дің 2-турынан кейінгі кесте. Қайрат пен Астана бір-бірінен қаншалықты алыс?

Футбол
Богдан Писаренко
Богдан Писаренко
ҚПЛ-дің 2-турынан кейінгі кесте. Қайрат пен Астана бір-бірінен қаншалықты алыс?
ФОТО: ФК Астана

Жексенбі, 9 наурыз күні, 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 2-турындағы соңғы үш матч өтті.

“Ақтөбе” өз алаңында “Тұранмен” кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, “Елімай” өз алаңында қызылордалық “Қайсарды” қабылдап, 2:0 есебімен ұтты.

2:0 есебімен аяқталған тағы бір ойын “Қызылжар” мен “Астана” арасындағы матч болды. Үш ұпайды елордалық команда еншіледі.

Қазақстан Премьер-лигасының кестесінде әзірге төрт команда көш бастап тұр — “Қайрат”, “Астана”, “Тобыл” және “Ақтөбе”. Барлығында 4 ұпайдан.

Турнирлік кестенің төменгі бөлігінде де төрт команда орналасқан. 1 ұпайдан жинаған “Қызылжар”, “Қайсар”, “Ұлытау” және “Ордабасы” соңғы орындарды бөлісіп тұр.

2025 жылғы маусымның 3-тур ойындары 29-30 наурызда өтеді.

Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы ойындар күнтізбесі

ҚПЛ 2025 маусымының турнирлік кестесі

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie