locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-2025: бесінші тур ойындарының кестесі

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ҚПЛ-2025: бесінші тур ойындарының кестесі
ФОТО: Ақтөбе ФК

Қазақстан футболынан кезекті тур жанкүйерлерге қызыққа толы кездесулерді ұсынады. 2025 жылғы маусымның 5-тур ойындары 19 сәуірде басталып, екі күнге созылады. Бұл турдың ең басты ойыны - Қостанайда өтетін «Тобыл» мен «Ақтөбе» арасындағы тартысты матч болмақ.

ҚПЛ-дің 5-турының толық күнтізбесі (уақыт Астана уақыты бойынша көрсетілген):

19 сәуір:
• «Ұлытау» — «Оқжетпес» (16:00)
• «Атырау» — «Қызылжар» (16:00)
• «Ордабасы» — «Жетісу» (16:00)
• «Тобыл» — «Ақтөбе» (19:00)

20 сәуір:
• «Қайсар» — «Қайрат» (15:00)
• «Тұран» — «Астана» (17:00)
• «Жеңіс» — «Елімай» (19:00)

Қазіргі таңда турнирлік кестеде 13 ұпаймен «Қайрат» көш басында тұр, алайда алматылықтар 5 ойын өткізіп үлгерді. Ал олардың ізін ала 10 ұпаймен «Ақтөбе» мен «Астана» келе жатыр. Кестенің соңғы сатыларында 2 ұпайдан жинаған «Ордабасы» мен «Ұлытау» орналасқан. Қос команда 13-ші және 14-ші орындарды иеленіп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie