locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-дың 24-турындағы ең көп жанкүйер жинаған матч қайсы?

Алматыдағы кездесу ең көп қызығушылық тудырды
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
ҚПЛ-дың 24-турындағы ең көп жанкүйер жинаған матч қайсы?
ФОТО: Кайрат

Қазақстан Премьер-Лигасының 24-турындағы жеті ойынға жалпы 47 300 көрермен жиналды, бұл әр матчқа орташа есеппен 6 757 жанкүйерден келеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Турдың ең көп жанкүйер жинаған ойыны – «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы кездесу (5:0), бұл матчты 23 800 адам тамашалады.

Ең аз көрермен жинаған кездесулер Жезқазғанда өткен «Ұлытау» — «Атырау» (1:5) және Астанадағы «Жеңіс» — «Тұран» (6:3) болды – әрқайсысын 2 000 адам ғана тамашалады.

Премьер-Лиганың 24-турындағы матчтардың көрермен саны:

1. «Қайрат» — «Жетісу» (5:0) — 23 800 көрермен;

2-3. «Елімай» — «Ордабасы» (2:1) — 6 500;

2-3. «Ақтөбе» — «Қызылжар» (1:0) — 6 500;

4. «Тобыл» — «Қайсар» (1:0) — 4 000;

5. «Оқжетпес» — «Астана» (1:2) — 2 500;

6-7. «Ұлытау» — «Атырау» (1:5) — 2 000;

6-7. «Жеңіс» — «Тұран» (6:3) — 2 000.

Чемпионат басталғалы бері Премьер-Лига матчтарына жалпы 811 457 көрермен келді, бұл орта есеппен әр ойынға 4 830 адамнан келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie