locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ 12-ші турындағы матчтарды басқаратын төрешілер құрамы белгілі болды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ҚПЛ 12-ші турындағы матчтарды басқаратын төрешілер құрамы белгілі болды
ФОТО: KFF

Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясындағы 15 маусымда өтетін үш матчқа төрешілер тағайындалды. Күннің басты ойыны — Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Елімай» арасындағы кездесу.

«Ордабасы» – «Елімай» матчына бас төреші болып Георгий Чеховский бекітілді. Қапталдағы көмекшілері — Сергей Васютин мен Артем Волков. VAR жүйесінде — Денис Тевяшов, AVAR — Алексей Долгих. Резерв төреші — Муродбек Халилов.

Астанада өтетін «Астана» – «Оқжетпес» кездесуін Данияр Сахи төрелік етеді. Оған Юрий Тихонюк пен Вячеслав Равдель көмек көрсетеді. VAR — Татьяна Сорокопудова, AVAR — Денис Лабашов. Резерв төреші — Иван Навроцкий.

Қызылордада өтетін «Қайсар» – «Тобыл» матчын Арман Есмұратов жүргізеді. Қапталдағы көмекшілер — Амангелді Жүсіпов пен Темірбек Ысқақов. VAR — Марат Ысқақов, AVAR — Самат Тергеусізов. Резерв төреші — Марал Әбдікерімов.

Ал 12-турдың алғашқы күні аяқталғаннан кейін турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Қайрат» 27 ұпаймен «Астананы» қосымша көрсеткіштер бойынша басып озып келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie