Пеп Гвардиола Родридің оралуы туралы пікір білдірді
«Манчестер Сити» Премьер-лиганың кезекті матчына дайындалып жатыр, алайда команда тағы да Родрисіз өнер көрсетуге мәжбүр, әрі Пеп Гвардиола оның алаңға қашан оралатынын әлі білмейді.
Родри 5 қазан күні «Брентфордқа» қарсы ойында жарақат алған болатын, кейін 2 қарашада алаңға бірнеше минутқа ғана шықты, содан бері жасыл алаңға оралған жоқ. Гвардиола испандық жартылай қорғаушының алдағы матчта да ойнамайтынын және оңалту курсынан өтіп жатқанын растады.
«Ол сауығып келеді. Егер осы жауап жеткілікті болса, иә, сауығып келеді. Бірақ ойнауға әлі дайын емес», — деді Пеп Гвардиола.
«Манчестер Сити» сенбі, 6 желтоқсан күні Премьер-лиганың 15-турында «Сандерлендпен» кездеседі.
Қазіргі таңда «қалалықтар» Премьер-лига турнир кестесінде 28 ұпаймен екінші орында тұр. «Арсеналдан» бес ұпайға қалып келеді.