Павел ЕВТЕЕВ: \"Тобыл үшін Сигневич – ойын ойнау тұрғысынан өте жақсы күшейту\"
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы - қостанайлық команданың жаңа ойыншысы туралы
Футбол
Александр Шарадкин
Sports.kz. Николай Сигневич
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев “Атырау” шабуылшысы Николай Сигневичтің “Тобылға” ауысуы туралы пікірімен бөлісті.
“Сигневич – көптеген чемпионаттарда ойнаған тәжірибелі ойыншы. Қазақстанда ол өткен маусымда өзінің гол соғу қабілетін дәлелдей алды, ҚПЛ-ның үздік бомбардирі атанды. “Тобыл” үшін бұл ойын жағынан өте жақсы күшейту”, - деп келтіреді Sports.kz Евтеевтің сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы маусымның соңында Николай Сигневич 24 матчта он гол соғып, Премьер-лиганың үздік үш мергенінің қатарына енді.