Павел ЕВТЕЕВ: “Павлодарда команданы қайта жаңғырту жақсы жүріп жатыр”
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы – “Ертістің” жаңа маусымдағы мақсаты туралы
Футбол
Александр Шарадкин
Павел ЕВТЕЕВ: “Павлодарда команданы қайта жаңғырту жақсы жүріп жатыр”
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев павлодарлық "Ертістің" 2025 жылғы маусымдағы мақсаты туралы пікірімен бөлісті.
"Қала команданың жандануын қолға алды және Премьер-лигаға шығу мақсаты сөзсіз белгіленді. Бұған Қайрат Нұрдәулетовтың бас бапкерлікке тағайындалуы және ҚПЛ-да тәжірибесі мол футболшылардың келуі дәлел. Павлодар әрқашан футбол қаласы болды, ал "Ертіс" өз нәтижелерімен танымал болды. Менің ойымша, команданың жаңа маусымда бір мақсаты бар - Премьер-лигаға шығу", - деп келтіреді Sports.kz Евтеевтің сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, "Ертіс" - Қазақстанның бес дүркін чемпионы. 2020 жылы павлодарлық команда Премьер-Лигадан ұшып, 2024 жылғы маусымның соңында Бірінші лигаға жолама алды.