Павел ЕВТЕЕВ: “Чесноковтың әрі қарай дамитынына үміттенемін”
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы 2024 жылы ең прогресс көрсеткен ойыншы туралы айтты
Футбол
Александр Шарадкин
Sports.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев 2024 жылы ең көп прогресс көрсеткен ойыншыны атап өтті.
“Мен “Тобыл” клубының ойыншысы Ислам Чесноковты атап өтер едім. Ол Қазақстан чемпионатында Жоау Паулу мен Николай Сигневичпен қатар ең үздік бомбардирлердің бірі болды. Сонымен қатар, ол ұлттық құраманың ойындарына да шығып, көмектесті. Аталған жылды тұрақты сарында өткізді. Ислам өте сенімді көрінді. Уақыт өте келе оның әрі қарай дамитынына үміттенемін”, - деп келтіреді Евтеевтің сөздерін Sports.kz.
2024 маусымында “Тобыл” құрамында Ислам Чесноков 21 матч өткізіп, 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.