locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Патшалық бонусты келісім: «Реал» Александер-Арнольдқа €20 млн төлеуге дайын

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Патшалық бонусты келісім: «Реал» Александер-Арнольдқа €20 млн төлеуге дайын
ФОТО: Getty Images

Англия құрамасы мен «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александер-Арнольдтың мадридтік «Реалға» ауысуына байланысты жаңа мәліметтер жария болды.

Испаниялық Marca басылымының хабарлауынша, ағылшын клубының түлегіне келісімшартқа қол қойғаны үшін қомақты бонус төленуі мүмкін – бұл сома шамамен 20 миллион еуроны құрайды.

Еске сала кетейік, 5 мамырда «Ливерпуль» маусым соңында футболшы клубтан еркін агент ретінде кететінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Қорғаушының қазіргі келісімшарты осы жазда аяқталады.

Бұған дейін мадридтік клуб ойыншыны 2025 жылғы Клубтар әлем чемпионаты басталғанға дейін қатарға қосу үшін «Ливерпульге» келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу мақсатында символикалық €500 мың ұсынғаны хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie