locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Париждегі ойран. ПСЖ 10 гол айырмасымен 1/8 финалға өтті

Футбол 19 ақп 2025 16:53
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
Париждегі ойран. ПСЖ 10 гол айырмасымен 1/8 финалға өтті
ФОТО: матч ПСЖ - Брест

19 ақпанда ПСЖ өз алаңында, “Парк де Пренсте”, Чемпиондар лигасының 1/16 финалының жауапты матчында “Брестті” қабылдап, 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алғашқы кездесуде 3:0 есебімен басым түскен париждіктер қос матчтың қорытындысы бойынша 10:0 есебімен 1/8 финалға жолдама алды.

Матчтың барлық ең жарқын сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Ойынның 20-минутында Барколя есеп ашты, ал 39-минутта Кварацхелия есепті еселеді. Екінші таймда ПСЖ қарсыласты толықтай тұқыртып тастады: 59-минутта Витинья, 64-минутта Дуэ, 69-минутта Мендеш, 76-минутта Рамуш және 86-минутта Маюлю гол соқты.

“Брест” 77-минутта есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, олардың жалғыз соққан голы офсайд себебімен есепке алынбады.

Чемпиондар лигасы. 1/16 финал. Жауапты матч. 19 ақпан

ПСЖ – Брест – 7:0 (Алғашқы матч – 3:0)

Голдар: Барколя 20, Кварацхелия 39, Витинья 59, Дуэ 64, Мендеш 69, Рамуш 76, Маюлю, 86

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie