«Палмейрас» жеті минут ішінде есепті теңестіріп, «Интер Майамимен» бірге клубтық ӘЧ плей-оффына шықты
«Интер Майами» мен «Палмейрас» клубтық әлем чемпионатының үшінші турында 2:2 есебімен тең тарқасты.
Кездесу АҚШ-та, Майами қаласындағы Hard Rock стадионында өтіп, соңғы минуттарға дейін жанкүйерлерді шиеленісті жағдайда ұстады.
Алдымен америкалық клуб Тадео Алленденің күшімен есеп ашса, Луис Суарес бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Бірақ бразилиялық команда соңына дейін күресіп, матч соңында керемет камбек көрсетті: соңғы жеті минутта Паулиньо мен Маурисио есепті теңестіріп, қарсыластарын жеңіске жібермеді.
Әлем. Клубтық чемпионат. 3-тур
«Интер Майами» – «Палмейрас» – 2:2
Голдар: Алленде (16), Суарес (65) – Паулиньо (80), Маурисио (87)
Үш турдың қорытындысы бойынша екі команда да A тобында 5 ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды. Қосымша көрсеткіштері жоғары «Палмейрас» топта бірінші орынды иеленсе, «Интер Майами» екінші орында қалды.