locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оқжетпес» уақытша Шымкентте ойнадйы

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Оқжетпес» уақытша Шымкентте ойнадйы
ФОТО: Getty Images

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының стадионы екі айға жөндеу жұмыстарына жабылды.

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Стадион жаңартылып жатқан уақытта синегорлықтар Шымкент қаласына қоныс аударып, қазірдің өзінде БИИК футбол орталығының базасында жаттығуларын бастап кетті.

Осыған байланысты Қазақстан Премьер-лигасының 13 және 15-турларындағы «Ордабасы» және «Қайсар» командаларына қарсы үй матчтары бейтарап алаңда - Шымкентте өтеді.

Қазіргі таңда «Оқжетпес» 11 турдан кейін турнир кестесінде бесінші орында келе жатыр және жоғарғы орындар үшін күресті жалғастыруда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie