locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оңтүстікке оралуы мүмкін бе? «Қайсар» Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысына көз тігіп отыр

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Оңтүстікке оралуы мүмкін бе? «Қайсар» Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысына көз тігіп отыр
ФОТО: Атырау ФК

Қызылордалық клуб жақында ғана «Атырау» қатарынан кеткен жартылай қорғаушы Ерсұлтан Қалдебековке қызығушылық танытуда, деп хабарлайды BorodAbata.kz.

23 жастағы Тараз қаласының тумасы «Атырау» сапына 2023 жылдың жазында қосылған болатын. Екі маусымнан кейін командадан кеткен Ерсұлтан биылғы маусымда барлық турнирлерде 15 ойын өткізді.

2022 жылы Қалдебеков Қазақстанның жастар құрамасында алғашқы матчына шығып, сол уақыттан бері 12 кездесуде өнер көрсетіп, бір голдың авторы атанды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, жартылай қорғаушының нарықтық құны шамамен 100 мың еуроны құрайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie