locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Осимхен «Аль-Хилалға» ауысуға жақын

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Осимхен Аль-Хилалға ауысуға жақын
ФОТО: Getty images

Виктор Осимхен Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубына ауысуға жақын.

Журналист Николо Шираның хабарлауынша, нигериялық шабуылшы клубпен 2029 жылға дейін жеке келісім-шартқа отырды, келісім бойынша ол жылына 35 миллион еуро алады.

Алайда «Аль-Хилал» мен «Наполи» арасында әлі түпкілікті келісім жасалған жоқ. Италиялық клуб трансфер құнын 75 миллион еуроны талап етсе, саудиялық тарап 70 миллион еуро ұсынып отыр.

Бұған дейін Аль-Хилал Симоне Индзагиді бас бапкер етіп тағайындады, ол енді әлемдегі ең жоғары жалақы алатын бапкерлердің біріне айналады.

Өткен маусымда Осимхен түрік «Галатасарайында» жалға ойнады, ол 41 матчқа қатысып, 37 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Бір күн бұрын Галатасарай Осимхенді командада қалдыруды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie