Қорқынышты сәт. Калиду Кулибали өрескел фол үшін тікелей қызыл карточка алды
КАН матчында сенегалдық қорғаушының қауіпті ойыны
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: x.com/13footballC
Afrika кубогының D тобының соңғы матчында Сенегал Бенинді 3:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа бірінші орынмен шықты. Алайда, бұл ойын «Теранга арыстандары» үшін жағымсыз оқиғамен есте қалды.
70-минутта Сенегал 2:0 есебімен сенімді алда келе жатқан еді, бұл оларға топта бірінші орын әперетін еді. Дегенмен, «Аль-Хиляльдың» сенегалдық қорғаушысы Калиду Кулибали бұл сәтті бұзып жіберді.
Бениннің жартылай қорғаушысы Тосин Айегун Кулибалиді алдап өтіп кеткен соң, Сенегал құрамасының капитаны оны артынан қатал әрі қауіпті подкатпен шалып құлатты. Бастапқыда төреші Кулибалиға сары карточка көрсетті, бірақ VAR-ды қарағаннан кейін шешімін өзгертіп, бірден қызыл карточка берді.
Айта кетейік, D тобынан плей-оффқа сондай-ақ ДР Конго мен Бенин де өтті.