Ордабасының жаңа ойыншысы өткен жылдағы Молдованың үздік қорғаушысы атанды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Молдовадағы 2024 жылдың үздік қорғаушысы болып “Петрокуб” командасынан шымкенттік клубқа тәлімгері Андрей Мартиннің соңынан ерген “Ордабасының” жаңа ойыншысы Виктор Мудрак танылды.
Бүгін ол жаңа клубында We Sport телеарнасының жүлдесін жаңа клубында көрсетті. Сондай-ақ Андрей Мартин үздік жаттықтырушы деп танылды.
Еске салайық, 30 жастағы футболшы биылғы маусым аралықта шымкенттік командаға ауысты. Молдовада ол өз командасының негізгі ойыншыларының бірі болды және 2024/2025 маусымының бірінші жартысында 24 ойын өткізіп, “Петрокубқа” Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектескен болатын.

Тұран матч соңында жеңісті өзбекстандық командаға жіберіп алды