locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ордабасы және Украина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Артем Беседин Чехияның Лишень клубымен келісімшартқа қол қойды

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Ордабасы және Украина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Артем Беседин Чехияның Лишень клубымен келісімшартқа қол қойды
Фото: gettyimages

TaToTake мәліметінше, 28 жастағы украиналық футболшының жаңа командасымен келісімшарты жарты жылға жасалған, бірақ оны тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

“Лишень” Чехияның екінші деңгейлі дивизионында өнер көрсетеді. Маусымның бірінші бөлігінен кейін клуб турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Артем Бесединнің кейінгі командасы шымкенттік “Ордабасы” болды, ол бұл клубтан 2024 жылдың қарашасында кеткен.

Артем Беседин Украина құрамасында 19 матч өткізіп, екі гол соққан. Ол ұлттық құрама жейдесін соңғы рет 2020 жылғы Еуропа чемпионатында Швецияға қарсы матчта киген.

РЕСМИ. Виктор Мудрак - Ордабасы ойыншысы

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie