«Ордабасы» Руанда құрамасының легионерімен күшеймек
Шымкенттік команда руандалық Джихад Бизимананы жазғы трансферлік терезеде қатарға қосуы мүмкін
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Transfermarkt
«Тотальный футбол KZ» дерегінше, Шымкенттің «Ордабасы» клубы Ливияның «Аль-Ахли» командасында және Руанда ұлттық құрамасында ойнайтын 28 жастағы жартылай қорғаушы Джихад Бизиманамен келіссөздер жүргізуде.
Футболшы қазіргі маусымда «Аль-Ахли» сапында 5 ойын өткізіп, бір гол соққан. Сондай-ақ ол бұған дейін Украинадағы «Кривбасс» және Бельгияның «Дейнзе» мен «Беверен» клубтарында ойнаған.
Бұл трансфер жазғы ауысым кезінде жүзеге асуы мүмкін. «Ордабасы» маусымның екінші жартысына қарай құрамын айтарлықтай күшейтуді көздеп отыр.
Криштиану Роналду жаңа клубтық әлем чемпионатында ойнауы мүмкін – жұлдызға бірнеше ұсыныс түскені белгілі.