Оразовсыз Силькеборг Дания чемпионатында жылды жеңіліспен бастады
Рамазан Оразовтың “Силькеборг” командасының Дания суперлигасында қысқы үзілістен кейінгі алғашқы ойыны аяқталды. Олар “Вайлеге” қарсы ойнады.
Қазақстандықтың командасы чемпионат аутсайдерінен сенсациялық жеңіліске ұшырады – 70% допты иемденіп, соққыларда үш есе артықшылыққа ие болғанымен, өз алаңындағы матчта 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойындағы жалғыз гол екінші таймның басында соғылды. Гол жіберіп алған алаң иелері қақпаға 10 рет соққы бағыттағанымен есепті теңестіре алмады.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов матч тізіміне енгенімен, алаңға шықпады. “Силькеборг” бапкері барлық ауыстыруды да қолданбады.
Дания Суперлигасы. 18-ші тур. 16 ақпан.
Силькеборг - Вайле - 0:1
Гол: Онугха, 50.

Ресейлік клуб бір күнде екі қазақстандық команданы ұтты. Бұл жолы Тобыл жеңіліске ұшырады