locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оразов алаңға шыққаннан кейін «Силкеборг» Дания Кубогының жартылай финалындағы жеңісінен айырылды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Оразов алаңға шыққаннан кейін «Силкеборг» Дания Кубогының жартылай финалындағы жеңісінен айырылды
ФОТО: ФК Силькеборг

30 сәуірде «Бреннбю» мен Рамазан Оразовтың «Силькеборг» клубтары арасында Дания Кубогының жартылай финалының алғашқы ойыны өтті.

Бірінші таймда қонақтар бастаманы толығымен өз қолдарына алып, қақпаға бірнеше рет соққы жасады. Сол соққылардың үшеуі голға айналды - Андрес Поульсен сегізінші минутта есеп ашты, 34-ші минутта автогол болды, ал қосымша уақытта Тонни Адамсен гол соқты.

Екінші таймда ойын толықтай өзгерді. Ал камбэк 57-минутта Марко Дивковичтің голымен басталып, одан соң алаң иелері тағы бір гол соқты. 84-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов алаңға шығып, «Силькеборг» бірден үшінші голды жіберіп алды.

Осылайша Оразовтың командасы алғашқы кездесуде жеңісті қолдан жіберіп алды. Бірақ өз жанкүйерілер алдында есесін қайтаруға әлі де мүмкіндік бар – қарымта ойын 7 мамырда өтеді.

Дания Кубогы. Жартылай финал. 30 сәуір

«Бреннбю» - «Силькеборг» - 3:3

Голдар: Дивкович, 57, Квистгорден, 81, Квистгорден, 84 - Поульсен, 8, Ванлерберг, 34 (автогол), Адамсен, 45+1.

ФОТО: ФК Силькеборг
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie