Оралхан Өміртаев: Инфрақұрылымы мықты болса да, ҚПЛ деңгейі жоғары
«Ақтөбе» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Қазақстан мен Беларусь чемпионаттарын салыстырып, ҚПЛ-дың деңгейі жоғары екенін айтты, деп жазады kffleague.
«Беларусьта инфрақұрылым мен алаң сапасы керемет. Барлық жерде табиғи көгал, және ол өте сапалы. Бірақ жалпы алғанда, меніңше, біздің чемпионат әлдеқайда мықты. Дегенмен, Беларусьта да жақсы футбол ойнайды», — деді Өміртаев.
Биылғы маусымда ол ҚПЛ аясында «Ақтөбе» сапында жеті матч өткізіп, екі гол соқты.
Бұған дейін футболшы «Атырау», «Ақжайық», «Шахтер», «Тобыл», «Шахтер-Булат» клубтарында ойнаған. Ұлттық құрамада бес ойын өткізіп, бір голдың авторы атанған.
3 мамырда Қазақстан Премьер-Лигасының 7-турында «Жеңіс» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады.