locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ол қосалқы құрамда отыратын — Жуков кезінде Леандро Троссардың орнына ойнағанын еске алды

Георгий Жуков «Андерлехт» академиясындағы жастық шағын және бірге доп тепкен болашақ жұлдыздарды есіне алды
Футбол 19 мау 2025 05:35
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Ол қосалқы құрамда отыратын — Жуков кезінде Леандро Троссардың орнына ойнағанын еске алды
ФОТО: kff.kz

Қазақстан құрамасы мен Польшаның «Пуща» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков BorodAbata.kz порталына берген эксклюзив сұхбатында жас кезінде бірге ойнаған танымал футболшылар туралы айтты. Ол Джордан Лукаку, Аднан Янузай, Леандро Троссар, Давид Ориги сынды жұлдыздармен бір алаңда болған сәттерін бөлісті.

«Андерлехт» академиясында Ромелу Лукакудың інісі Джорданмен бірге ойнадым. Ал Ромелудың өзімен күнде бір автобуста қайтатынбыз. «Манчестер Юнайтедтің» болашағына баланған Аднан Янузай да бізбен бірге болды. Троссармен бірге жастар құрамасында (U-19) ойнадым. Мен «ондықтың» позициясында ойнайтын едім, ал Леандро қосалқы құрамда отыратын. Рас айтып тұрмын. Ол тура мен сияқты болды. Бойы да, салмағы да менікіндей еді. Тек жылдамдығы болмады. Соққысы, техникасы жаман емес тұғын. Бірақ қазір ол «Арсеналда» ойнайды. Кезінде бұл футболшыдан ешкім үміт күтпеді және қазіргідей топ-клубқа сатамыз деген ой ешкімнің ойына кіріп шықпады.

Давид Оригимен де «Ливерпульде» бірге ойнадым. Оның талант екені сол кезде көрініп тұрды. Мен бірге ойнаған футболшылар қазір «Брюгге», «Андерлехтте» жүр. Қазақстанда оларды көп тани бермейді. Айтпақшы, сол кездері халықаралық турнирлерде көп ойнайтынбыз. Депай сондай жарыстарда жарқырып көрінетін еді. ПСВ, «Аякстың» жастары мықты болатын. Кезінде көп үміт күтпеген футболшылар қазір топ-клубтарда доп теуіп жүр.

1994 жылы Семейде дүниеге келген Георгий Жуков бес жасында отбасымен бірге Бельгияға қоныс аударып, футболдағы алғашқы қадамын сол елде бастады.

Георгий Жуков ресми түрде Польшадағы «Пуща» клубынан кетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie