locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оған қарсы ойнау ең қиын болды»: «Оқжетпес» легионері ҚПЛ-дің ең қолайсыз қорғаушысын атады

Сербиялық жартылай қорғаушы өткен маусымда өзіне ең көп қиындық тудырған футболшыны атады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Оған қарсы ойнау ең қиын болды»: «Оқжетпес» легионері ҚПЛ-дің ең қолайсыз қорғаушысын атады
ФОТО: ФК Оқжетпес

«Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Страхиня Йованович Қазақстан чемпионатындағы өнері жайлы әсерімен бөлісіп, өткен маусымда қай қорғаушыға қарсы ойнау ең қиын болғанын айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.

Сербиялық легионер ҚПЛ-де мықты әрі шебер ойыншылардың көп екенін атап өтті, дегенмен бір қарсылас ерекше есте қалғанын мойындады.

«Чемпионатта сапалы футболшылар көп. Мен көбіне сол қапталда ойнадым, сондықтан оң қапталдың қорғаушысы Карло Бартолецті атар едім. Оған қарсы ойнау шынымен де оңай болған жоқ», – деді Йованович.

Аяқталған Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында Страхиня Йованович нәтижелі ойын көрсетіп, бес гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті. «Оқжетпес» маусым қорытындысы бойынша турнирлік кестеде сегізінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Карло Бартолец 2024 жылдың басынан бері «Астана» сапында өнер көрсетіп, елордалық клуб қорғанысының негізгі ойыншыларының бірі болып саналады.

Сондай-ақ ҚПЛ экс-«Оқжетпес» қорғаушысын көздейді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie